Оның айтуынша, сәулетшілер одағы болмаған көп уақыт ішінде проблемалар жиналып қалды.  

«Осындай проблемалардың бірі – «Сәулет туралы» заңды түзету немесе жаңарту. Бұл қала құрылысы кеңесінің проблемасы. Ол жойылды, дегенмен сәулетшілер әріптестерімен кеңесіп, сөйлесіп, кеңес сұрап, кейбір ортақ мәселелерді шешіп, қала деңгейінде шешуі керек. Ал бүгін сынға алғым келмейді, бірақ толық пысықталмаған жобалар пайдалануға беріліп жатыр. Сәулетші мамандығы жоғалды. Одақтың болмауына байланысты, көптеген қалаларда басқа мамандық иелері бас сәулетшілер лауазымына тағайындалды. Үш мегаполисте – Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында да осы мәселе бар. Әрине, бұдан сала зардап шегеді, сәулет және қала құрылысы проблемалары болады. Бұл мәселелерді түсінуіміз керек, ал ол үшін жобалаудан, бас жоспарларды, ЖСҚ-ны жүзеге асырудан өтуіңіз керек. Жай қаланы басқарып отырмай, онымен өмір сүруіңіз керек», - деп атап өтті спикер.