Айта кету керек, ауыл әкімдерінің корпусы 55,6%-ға жаңартылды, ал бұл 608 жаңа ауыл басшылары. Олардың басым бөлігі бұрын-соңды мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген. Ауыл тұрғындарының қолдауына мұғалімдер, дәрігерлер, бизнесмендер, жергілікті кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарының басшылары ие болды. Жаңа әкімдердің басым бөлігі Маңғыстау – 77,8% (18-ден 14), Қарағанды – 77,2% (79-дан 61) және Жамбыл-71% (72-ден 51) облыстарында.

Осы жексенбі, 31 шілдеде 27 ауылдық округте сайлау өтеді. Ал жыл соңына дейін тағы 214 ауыл басшысы сайланады.

2023 және 2024 жылдарға 1037 ауылдық округтерде сайлау жоспарланған. Жақын арада аудан әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу жоспарланып отыр. Бұдан басқа, жаңа конституциялық реформаға сәйкес, облыс әкімдері бүгін өңірлік мәслихаттар депутаттарының дауыс беру нәтижелері бойынша тағайындалады.

Осылайша, елдің саяси жүйесі дәйекті түрде өзгеруде, демократияның жаңа құралдары мемлекеттік басқаруға енгізілуде.