Министр Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің жеке құрамымен кездесті, оның барысында қызметтік міндеттерін орындауда ерекше көзге түскен қызметкерлерге алғыс хаттар табыс етті. Сонымен қатар, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Вадим Басин, «Ізбасар» шаруа қожалығының басшысы Айдос Жұмабеков, Нұра ауданы Құланөтпес ауылының әкімі Әліби Әлкенов төтенше жағдайлардың алдын алуға қосқан үлестері үшін Төтенше жағдайлар министрлігінін алғыс хатымен марапатталды.

Министр «Сенім-109» бірыңғай үйлестіру орталығының, «Open Karaganda» фронт-офисі мен 112 қызметінің жұмысымен танысты.

Сонымен қатар сапар барысында Төтенше жағдайлар министрі «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Наир Биджумен кездесті. «АМТ» АҚ кәсіпорындарында өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Юрий Ильин «АМТ» АҚ басшыларынан өндірістік кәсіпорындағы жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсартуды және әлеуметтік қолдауды күшейтуді талап етті. Ал Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментіне оқыс оқиғалар санын азайтуды, бизнес қауымдастық үшін барлық қажетті әдістемелік көмек көрсетуді міндеттеді. Ал, бизнес қауымдастық қауіпсіздік шараларын сақталмайтын болса, заң аясында өндіріс орнының жұмысын тоқтату сынды қатаң шараларды қолдануды тапсырды.

Сонымен қатар, сапар барысында Юрий Ильин «КӘАҚҚ» ЖШС Республикалық орталық штабында болды, онда «КӘАҚҚ» Республикалық орталық штабының және «АМТ» АҚ көмір департаментінің басшылығымен бірге тау-кен құтқарушыларын әлеуметтік қолдау және авариялық-құтқару қызметтерініңі заманауи құралдармен, құрал-жабдықтармен және техникамен жарақтандыру мәселелері қарастырылды.

Осы күні Төтенше жағдайлар министрі облыс тұрғындарымен және белсенділерімен кездесті. Ол министрлік қызметінің негізгі бағыттары мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

«Төтенше жағдайлар министрлігі қызметінің маңызды құрамдас бөлігі – біздің министрлік пен қоғамның өзара тиімді әрекеттесуіне мүмкіндік беретін халықпен кері байланыс. Дәл азаматтардың өтініштерінен біз тұрғындардың күнделікті мәселелерін егжей-тегжейлі және нақты білеміз», - деді Юрий Ильин.

Жиынға қатысушылар сұрақтар қойып, туындаған мәселелерді шешуге қатысты өз көзқарастарын білдірді. Бейнеконференцбайланыс арқылы облыстың қалалары мен аудандарының тұрғындары да қатысты.

Тұрғындарды негізінен дала өрттері мен су тасқынына байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері толғандырды. Қарағанды облысындағы тегін жағажайлар мәселелері де көтерілді.

Кездесу соңында Юрий Ильин азаматтарды жеке қабылдауын өткізді.