«Мысалы, Тараз қаласы сотының үкімімен Жамбыл облысы Полиция департаментінен ұрланған «Макаров», «Стечкин» жүйесінің жауынгерлік тапаншаларын және оқ-дәрілерді сақтағаны және тасымалдағаны үшін жергілікті тұрғын сотталды. Аталған азамат өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініп, сотқа дейінгі тергеу кезінде тергеу органдарына көмек көрсетті. Осы жағдайларды ескере отырып, оған екі жыл шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Қаруды ұрлаумен және сақтаумен байланысты ауыр қылмыс жасаған, залалды өтемеген және өтелмеген соттылығы бар 92 сотталушы бас бостандығынан айырудың нақты мерзімін алды. Қалған қылмыстық істер бойынша тергеу органы даусыз дәлелдерді жинау және барлық қатысы бар адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту бойынша жан-жақты жұмыс жүргізуде», - деді Бас Прокуратура өкілі.

Оның айтуынша, жұмыстың негізгі көлемі жаппай тәртіпсіздіктер мен терроризм актілері бойынша жүргізілуде. Мыңнан астам адам істер бойынша күдікті ретінде танылды. Әрқайсысымен жауап алу, беттестіру, айғақтарды орнында тексеру және нақтылау сияқты және басқада кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде.

«Тек арнайы прокурорлардың істері бойынша 40 мыңнан астам тергеу әрекеттері жүргізілді. Сараптамалық ұйымдардың өндірісінде 4 мыңнан астам зерттеу бар. Міндетті тергеу әрекеттері қылмыстарға әр қатысушысының рөлін анықтау, оның әрекеттерін объективті бағалау және заңды процестік шешім қабылдау үшін жасалады. Қылмыстық қудалау органдары толық, объективті және жан-жақты тергеу жүргізу үшін барлық күштер мен құралдарды жұмылдыруда», - деді Сәбитов.

БП тергеу әрекеттерін жүргізу барысында азаматтардың құқықтарының сақталуы мен заңдылықты қамтамасыз етуде. Жаңа мән-жайлар анықталғанына қарай олар жұртшылықтың назарына жеткізілетін болады.