Олардың бірі «Әскерлерді, қара-жарақты, ресурстарды басқарудың автоматтандырылған жүйелерін құру және енгізу» бағдарламасының толық іске аспауы. 2011 жылы бұл бағдарламаға бюджеттен 93 млрд теңге көзделген болатын. Бұл қаражаттың 35 млрды ғана, яғни 37,6% игерілді.

«Бұдан басқа да себептер бар. Соның салдарынан министрлікте бірқатар пролемалар туындады. Атап айтқанда, бүгінде ақпараттық жүйелер әртүрлі стэктерде жазылған, интеграциялауға келмейді. Сондай-ақ арнайы телекоммуникация желісі жоқ. Бір әскери бөлім екінші бөліммен толық қарым-қатынасты қамтамасыз ете алмайды, телефон линиясы бар, бірақ үлкен пакеттер немесе басқа файлдарды жіберу үшін мұндай операцияларды жүзеге асыру мүмкін емес.

Бұдан бөлек, Қорғаныс министрлігінда ІТ мамандар тапшы. Олардың жалақысы нарықтағы мамандардың жалақысынан 3-4 есе төмен. Сондықтан жұмыс істеп, келісімшарт біткен соң мамандар нарыққа кетіп жатады. Одан бөлек, тиімсіз бизнес процестер кеңінен таралған. Кеңес үкіметі немесе 10-20 жыл бұрын болған процестер сол күйінде жүргізілуде. Инфрақұрылым проблемасы да бар, компьютерлер, серверлер, комутаторлар ескірген», - деді спикер.

Оның айтуынша, осы мәселелерді шешу үшін ведомство өз алдына нақты мақсаттар қойып отыр. Оның ішінде 5 басым бағыт айқындалды: инфрақұрылым және технологиялар, процесстер мен деректер, адамдар мен дағдылар, инновациялар және киберқауіпсіздік.