Мәселен, салықтан босату түрінде реттеушілік және фискалдық преференциялар көзделеді. Сонымен қатар газ жобалары үшін газға ынталандыру бағасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Заңнамаға тиісті түзетулер осы жылдың соңына дейін қабылданатын болады. Бұл шаралар шамамен 93,6 млрд м3 көлемінде газдың жиынтық қоры бар газ кен орындарын игеруді және 2030 жылға қарай жылына 6,7 млрд текше метр көлемінде тауарлық газды қосымша өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бағалық ауытқуларға жол бермей, сұйытылған мұнай газының сауда-саттығын іске қосу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды. Мәселен, сұйытылған мұнай газы биржасына көшу 2023 жылғы 1 қаңтарға ауыстырылды. 2022 жылғы 20 шілдеде биржалық сауда-саттық кезінде бағаның күрт көтерілуіне жол бермеуге мүмкіндік беретін Биржалық сауданың үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар бүгінгі таңда мынадай өзгерістер пысықталуда: сұйытылған мұнай газын көлікке ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеуге міндетті тауарлар тізбесіне енгізу; өткізу көлемі мен бағасын көрсете отырып, автогаз құю станциясының фискалдық чектерді шығаруы бойынша талаптарды қатаңдату», - деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, бейінді мемлекеттік органдардың бақылауындағы тапшы тауарлар үшін бірыңғай тауар биржасын айқындау мәселесі де қарастырылуда. Аталған шаралар ашықтықты қамтамасыз етуге және сұйытылған газ саудасы кезіндегі операцияларды қадағалауға мүмкіндік береді.