Бұл туралы Орталық коммункиациялар қызметі алаңында «Қазақстан жастары конгресі» қауымдастығы ЗТБ атқарушы директоры Тоқтар Болысов мәлімдеді. Биыл ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекеттік гранты аясында жоба еліміздің төрт өңірінде жүзеге асырылады.

«Түркістан облысындағы жастар саны басқа облыстарға қарағанда ең көп – 500 мыңға жуық. Әрине, олардың өз мәселелері бар. Жастармен кезедсіп, бірлесе жұмыс істеуге шақырдық. Жобаға қатысу үшін жастар www.zhasproject-turkestan.kz сайтында тіркелуі тиіс. Тіркеу бірнеше сатыдан тұрады. Ол үшін жеке телефон номерін көрсетіп, жеке куәлігін және осы облыста тіркелгенін дәлелдейтін egov-тан скринді жүктейді. Сондай-ақ тіркелуші қандай да бір осал топқа жататынын көрсететін анықтаманы жүктеуі керек», - деді спикер.

Оның айтуынша, қатысушылардың жобалары 16 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Атап айтқанда, білім, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу; азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау; қоршаған ортаны қорғау; жастар саясаты мен балалардың бастамаларын қолдау; отбасы-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу және т.б.

Грант тарату барысы ашық жүргізіледі, бәрі цифрландырылған. Комиссия мүшелері қатысушымен қарым-қатынас жасамайды. Барлық өтінімдер сайтта онлайн қаралады. Комиссия құрамына қоғам қайраткерлері кіреді.