Бұл туралы РҚБ төрайымы Динара Сәдуақасова Орталық коммункиациялар қызметі алаңында мәлімдеді.

«Zhas Project жергілікті қоғамдастықтардың әлеуметтік проблемаларын шешуге, әлеуметтік осал санаттағы жастарды қолдауға, жастардың кәсіпкерлік идеялары мен бастамаларына жәрдемдесуге бағытталған. Аталған өңірлерде, басқа облыстардағыдай, сомасы 1 миллион теңгеге дейінгі 63 жобаға қолдау көрсетіледі. Сондықтан, жастарды конкурсқа қатысуға шақырамыз», - деді спикер.

Оның айтуынша, арнайы оқыту да қарастырылған, онда қатысушыларға кәсіпкерлік негіздері, ЖК қалай тіркеу, жобалық менеджмент дағдылары түсіндіріледі. Қарағанды қаласында фронт-офис ашылды, колл-орталық жұмыс істейді +7 775 764 8747. Сондай-ақ, Қарағанды және Ұлытау облыстарының әр ауданында жоба үйлестірушілері бар.

Үйлестірушілердің тізімі сайтта жарияланған zhasproject-karaganda.kz. Өтінімдер сайт арқылы да қабылданады. Қараша айында Қарағанды қаласында Үздік тәжірибелер форумын өткізу жоспарланған, оған өз жобаларын табысты іске асырған жеңімпаздар шақырылады.

Форумға әлеуетті инвесторлар, бизнесмендер, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері де шақырылатын болады.