Асхат Оразбек «Навстречу цифровому Казахстану» форумы барысында биылғы жылы радиожиіліктер бойынша 5G аукционын өткізу жоспарланып отырғанын хабарлады.
"Аукционды бізде жоспарланған барлық елді мекендер бойынша өткізетін боламыз. Оған қоса, республикалық маңызы бар тағы үш қаланы және барлық облыс орталықтарын қамтитын болады. Операторлармен аукционға дайындық бойынша тиісті жұмыстарды жүргіземіз... Жақын арада біз бәрін келісіп, процедураны бастаймыз.
Бізде пилоттық қосулар төрт қалада – республикалық маңызы бар үш қала мен Түркістан қаласында жүргізілді. Барлығы жұмыс істейтін сияқты. 5G енгізу трафикті тұтынудың сыни өсуіне, сондай-ақ 4.0 индустриясының, "ақылды" үйлердің дамуына әкелетінін түсінеміз. Әрине, бұл үрдіс жасалуы керек. Біз оны жасаймыз да, операторлармен бірге мұны қалай жасау керектігі туралы нақты түсінік бар. Алдағы екі жылда халық еліміздің аумағы бойынша 5G-дің елге келгенін біртіндеп сезе бастайды деп ойлаймын", - деді ол.
Кейін ол 5G технологиясы пилоттық режимде бірнеше қалаларда жергілікті түрде орналастырылғанын айтты.
"Биыл біз аукцион өткіземіз және осы аукционда бірнеше орынды қамту бойынша міндеттемелер болады. 5G қазіргі нұсқада барлық елді мекендерді толық қамтуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан, қамту күн ішінде пайдаланушылардың ең көп саны шоғырланған жерлерде – кейбір моллдар, променадтар, саябақтар және т.б. жерлер. Біз қазір операторлармен локациялар бойынша жұмыс істеудеміз. Сенімділік пайда болғаннан кейін, біз бұл қамтуды міндеттемеге енгіземіз", – деп толықтырды спикер.
Оның айтуынша, орындар туралы шешім 2024 жылы қабылдануы мүмкін. Қазір операторлармен қоғамдық орындар тізімі талқылануда.