Бұл туралы Орталық коммункиациялар қызметі алаңында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева мәлімдеді.  
«Жоба 35 қалада волонтерлік қозғалысты үйлестіру арқылы барлық елді мекендерді қамтиды. Кемінде 500 ерікті осы іске жұмылдырылады. Жыл соңында жоба аясында ақкөңіл ниетімен қарияларға көмек беру жолында тегін қызмет атқарғаны үшін еріктілер ынталандырылатын болады. Жоба қоғамда жастар мен балалардың бойында үлкендерге құрмет сезімін қалыпатстырып, патриоттық тәрбиеге үлес қосуға бағытталған», - деді спикер. 
Айта кетейік, Қазақстанда ҰОС 387 қатысушысы мен мүгедегі бар. 2020-2021 жылдары 13019 волонтерлік рейд жүргізілді, оған 650 ерікті атсалысты. Олардың аясында 3355 қария қамтылды.