Ұлттық аккредиттеу орталығының әдіснама және нормалау департаментінің басшысы Алмат Орынғалиұлының айтуынша, Қазақстанда 944 сынақ зертханасы аккредиттелген, олар сынақтар бойынша жұмыстарды жүзеге асыру кезінде ҚР стандарттарын, ҚР, Кеден одағы мен ЕАЭО мемлекетаралық стандарттары мен техникалық регламенттерін басшылыққа алады.
«Бірнеше жыл бойы БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы қазақстандық өнімдерді шет елдердің аумағына жібермеу жағдайлары болғаны белгілі. Барлық жағдайлардың себептері ұқсас болды және жедел сынақтар кезінде өнім құрамында мәлімделмеген көрсеткіштерді анықтауға қатысты болды. Яғни, Қазақстанда жүргізілген сынақ нәтижелері шетелдік зертханалардың сынақ нәтижелеріне сәйкес келмеді. Бұл мәселенің пайда болуының кем дегенде екі себебі бар. Біріншісі, бұл импорт - экспортқа қатысушы елдердің стандарттарында белгіленген қолданылатын сынақ әдістеріндегі қарапайым айырмашылық. Екінші, қолданылатын сынақ жабдықтарының айырмашылығы. Қазіргі уақытта Ресейде өндірілген жабдықтардың 60%-ы; жабдықтардың 30%-ы 15 жастан асқан; тіпті 1960-70 жылдардағы өндіріс үлгілері де бар. Осылайша, 944 аккредиттелген зертханалардың ішінен ең көбі, ондаған зертхана ғана заманауи сынақ жабдықтарын қолдану бойынша артықшылықтарды және қазақстандық өнімді импорттаушы елдердің талаптары деңгейінде жұмыс жүргізуге бағдарланғандығын көрсете алады», - деді спикер ОКҚ алаңында.