Біріншіден, «волонтерлік қызмет», «қайырымдылық волонтері», «волонтерлік қызмет саласындағы уәкілетті орган» ұғымдары нақтыланды. «Заңға бірқатар түзетулер енгізілді, жұртшылықты тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігіне бағалау жүргізу жөніндегі нормалар күшейтілді.

Бұл туралы Мемлекет басшысы: «Қандай да бір жұмыс түріне қоғамды тарту қажет», - деді. Сондай-ақ азаматтарды волонтерлік қызметке, қайырымдылыққа қатысуға ынталандыру жөніндегі шаралар да болады. Мысалы, мемлекеттік мүлікті еріктілер мен қайырымдылық ұйымдарына сенімгерлік басқаруға беру.

Коронавирустық инфекцияның таралуы белең алған кезде көптеген волонтерлер мен волонтерлік ұйымдар халыққа, дәрігерлер мен әскери қызметкерлерге көмектескені баршаға аян және бәрінің есінде.

Бірақ олар бір проблемаға тап болды: оларда жеке бөлмелері мен кеңселері ғана емес, сонымен қатар сақтау орындары да жоқ. Осыған байланысты азық-түлік пен медициналық жиынтықтарды қалыптастыра алмады. Бізде із-түзсіз жоғалған адамдарды іздеумен айналысатын бірқатар тұрақты волонтерлік ұйымдар бар.

Оларда жабдықтар мен мүліктерін қоятын жер жоқ. Себебі олар коммерциялық қызмет көрсетпейді және олар қаржыландырылмайды. Осыған байланысты депутаттар осы түзетуді енгізді», - деп атап өтті спикер. Айта кетейік, үй-жайлар сатып алу құқығынсыз ұзақ мерзімді жалға беріледі.