Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет хабарлады. Заң жобасы үш негізгі бағыттан тұрды: волонтерлік қызмет, қайырымдылық және үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау.

«Бұл ұсынылған заңнамалық түзетулер осы бағыттарды реттеуге емес, ынталандыру мен дамытуға бағытталған. Заң жобасында мынадай қайырымдылық жасаушыларды ынталандыру шаралары қарастырылған: қайырымдылық ұйымдарына мемлекеттік меншік объектілерін жеңілдікпен пайдалану мүмкіндігін беру; мемлекеттік деңгейде қайырымдылық жасаушыларды оларға құрметті атақтар беру арқылы көтермелеу. Заңда белгіленген бірқатар шаралар қайырымдылық көмектің ашықтығын арттыруға бағытталған. Заңда қайырымдылық саласындағы уәкілетті орган белгіленді. Ол – ҚР АҚДМ», - деді спикер.

Сонымен қатар волонтерлік қызметке қатысты Заңда жұмысқа орналасу кезінде, жоғары оқу орындарына түсу кезінде қайырымдылық ұйымдарына ұқсас жеңілдікті шарттармен мемлекеттік наградалар, мемлекеттік мүлік алуды ынталандыру шаралары көзделген.

Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау саласындағы заңнаманы жетілдіру шеңберінде, үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру жүйесі қайта форматталды және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылдың жаңа тетігі – стратегиялық әріптестік енгізілді.