Бұл – қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді жобалар. Гранттың түріне қарай қаржыландыру көлеміне, іске асыру мерзіміне, үкіметтік емес ұйымдардың конкурсқа қатысу шарттарына және есептілікке әртүрлі талаптар қойылады.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет хабарлады.

«Сараланған тәсіл гранттық қаржыландыру рәсімдерін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар гранттарды халықтың қажеттіліктеріне бағыттауға мүмкіндік беретін өзекті бағыттар бойынша гранттарды жоспарлаудың жаңа форматы енгізілді. Бұл тетік «төменнен жоғарыға» тәсілін енгізуге мүмкіндік береді, яғни үкіметтік емес ұйымдар өз жобаларын ұсына отырып, қоғамдық бастамалардағы өзекті мәселелерге шұғыл ден қойып, уақытылы шешу мүмкіндігін ала алады. Бұдан бөлек, гранттық саясаттың салалық тәсілін кеңейту мақсатында орталық мемлекеттік органдарға оператор – Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы арқылы гранттар ұсына алады. Азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен гранттардың тиімділігін бағалау тетігі де енгізілді», - деді спикер.