Бұл туралы ОКҚ брифингінде клиникалық жұмыс жөніндегі проректор, медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты инфекционист-дәрігер Бақыт Көшерова айтты.

Ол аурудың жеңіл және орташа түрімен ауырғандарға амбулаториялық емделу кезінде қозғалыс режимін сақтау ұсынылады: жеңіл түрде емдік және тыныс алу гимнастикасымен айналысу, жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішу, дене температурасын, пульс, тыныс алуды, қан қысымын, сатурацияны бақылау (пульсоксиметр болған кезде), антикоагулянттар қабылдау.

«Қауіп факторлары бар аурудың орташа ауырлығы бар; ауыр және өте ауыр жағдайдағы пациенттерге, асқынулар болғанда қатар жүретін аурулардың декомпенсациясы кезінде медициналық көмекке уақытылы жүгіну ұсынылады.

Айта кетейік, амбулаториялық деңгейде пациенттерге қажетті дәрі-дәрмектің толық спектрі бар. Стационарлар COVID-19 емдеуге арналған препараттармен – вирусқа қарсы препараттармен, антикоагулянттармен, глюкокортикостероидтармен толық қамтамасыз етілген, респираторлақ қолдау бар. Қатар жүретін аурулары бар пациенттер амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекті уақытылы алуы және олардың ауруы субкомпенсациядан декомпенсацияға түспеуі үшін емдеуді үздіксіз жалғастыруы маңызды. Ауыр науқастар реанимация және қарқынды терапия бөлімшелері жағдайында ем алады», - дедіі спикер.

Одан әрі амбулаториялық емдеуге ауыстыру (ерте шығару) – клиникалық-зертханалық және аспаптық деректердің оң динамикасының басталу мерзімдеріне байланысты жеке жүргізіледі.