Бұл санатта осал адамдар кім? Бұл туралы Астана медицина университетінің балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, ҚР ДСМ штаттан тыс бас инфекционисті, медицина ғылымдарының докторы Динагүл Баешева айтып берді.
Балалар дүниеге келгеннен кейін алғашқы үш айда ауруға осал болады. Сондай-ақ қандай да бомласын орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдануы бар балалар; құрсақішілік инфекциялар; ақуыз-энергия жеткіліксіздігі; туа біткен ақаулар және созылмалы, соматикалық және онкогематологиялық аурулар.
«Әрине, иммуносупрессанттарды, глюкокортикостероидтарды, цитостатиктерді ұзақ уақыт қолдану маңызды. Сондықтан балалардың осы контингентін қорғау керек: олар ауырмайтындай. Егер 5 жасқа дейінгі балада COVID немесе COVID емес, тұмау, ЖРВИ болса; бала ембесе немесе су іше алмаса; баланың жағдайы нашарлап, температурасы төмендемесе; тыныс алуы жиілесе немесе қиындаса – ата-аналар, баланың жанындағы адамдар бұл аурудың қауіпті белгілері екенін білуі керек.
Медициналық көмекке жүгіну керек. Мұндай жағдайларды анықтап, алдын алуымыз керек. Уақытылы медициналық көмекке жүгінсе, бұл балалар аман қалады. Ең бастысы - баланың жағдайын асқындырмау және декомпенсациялауға жол бермеу», - деп ескертті қазақстандық сарапшы.
Балалардағы инфекцияның ерекшеліктері: қатар жүретін аурулар болса, ұзаққа созылады немесе иммунитеті жақсы болса, аз ғана уақыт ауырады. Семіздік, созылмалы аурулары бар жасөспірімдерде ауру өршуі мүмкін. Коронавирус тұмау сияқты, қан тамырының эндотелиясына әсер етеді. Сондықтан сарапшы КВИ-дің жеңіл ағымына алданып қалмаңыздар деп ескертті. Балаларға қауіп төндірудің қажеті жоқ: адамдар көп жиналатын жерлерге сәбилерді апарыңыздар. Қол жуу, маска тағу, жөтел, температура болғанда оқшауланы ережелерін сақтау керек.