Оның айтуынша, жеке қосалқы шаруашылықтарға тиесілі жануарлар үшін биркалар тегін берілетін болады, өйткені биркаларды сатып алу бюджет есебінен жүзеге асырылатын болады. 

«Ал ұйымдастырылған шаруашылықтарға (ШҚ, ФҚ, ЖШС және т.б.) құлақ сырғалары, радиожиілік сырғалары немесе тері астындағы чиптер болсын өз қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы жануарлары үшін сәйкестендіру атрибуттарын сатып алу құқығы берілетін болады.Сондай-ақ, аудандық деңгейде АШЖБ деректер базасында түзетулерді (өзгерістерді) жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына өзгерістер енгізу, оның ішінде бұрын тіркелмеген ауыл шаруашылығы жануарлары басын заңдастыру кезінде арнайы алгоритм және растайтын құжаттар тізбесі бекітілетін болады. Бұдан  бөлек,  АШЖБ мобильді нұсқасы іске қосылады. Бұл жануарларды сәйкестендіруді және ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды уақтылы жүргізуге мүмкіндік береді», - деді спикер. 


Айта кетейік, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын уақтылы диагностикалау және вакцинациялау шеңберінде отандық өндірушілерден ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу мүмкіндігімен бірыңғай операторға ветеринариялық препараттарды сатып алу функцияларын орталықтандыру мәселесі заңнамалық деңгейде пысықталатын болады, бұл әлемде және Қазақстанға шектес елдерде эпизоотиялық ахуал үнемі өзгеріп отыратындықтан, өзекті штамдары бар вакциналардың қажетті көлемде қажетті уақытта болуына мүмкіндік береді.