Осы жылдың бірінші тоқсанынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік тапсырысты орындау үшін тарифтерді көтеру есебінен республика бойынша орта есеппен мемлекеттік аудандық ветеринариялық станциялар мен ветеринариялық пункттердің ветеринариялық мамандарының жалақысы үштен бірге арттырылды. 

«Жыл соңына дейін одан әрі 60%-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Жалпы, қазір мемлекеттік аудандық ветеринарлық станциялар мен ветеринарлық пункттердің ветеринарлық дәрігерлерінің орташа айлық жалақысы өңірлерге байланысты 98 мыңнан (Қызылорда обл) 206 мыңға (Павлодар обл) дейін құрайды. Алайда, бұл жеткіліксіз. Осы проблемаларды шешу мақстында келесідей шаралар қабылданады. Бәсекелі сектор жоқ жерлерде аудандық аудандық ветеринариялық станциялары мен ветеринариялық пункттердің ақылы қызметтерінің көлемін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізіледі. Ол үшін барлық жерде ақылы қызмет түрлерінің тарифтері бекітіледі; Тиісті заңнамалық базаны қабылдай отырып, келесі жылдан бастап коммуналдық ветеринариялық кәсіпорындар ветеринариялық мамандарының лауазымдық жалақысына 50%-дық және зиянды еңбек жағдайлары (патогендігі 1-ші және 2-ші санаттағы биоагенттермен жұмыс істеу) үшін мемлекеттік коммуналдық мекемелердің базалық лауазымдық жалақысына 140%-дық қосымша ақыны, сондай-ақ сауықтыру құралы ретінде 2 лауазымдық айлықақы төлеуді жүзеге асыру көзделеді. Бұл шаралар мал дәрігері кәсібінің тартымдылығы мен беделін едәуір арттырады. Ауылдық жерлерде кадрлар даярлау және ветеринариялық мамандарды жұмысқа орналастыру жөніндегі проблемаларды шешу үшін мынадай жұмыстар жүргізіледі. Жоғары білім және ғылым министрлігіне ветеринариялық мамандықтар бойынша ауылдық квотаны бүгінгі 30-дан 70%-ға дейін ұлғайту жөнінде ұсыныс енгізілді. Ұлттық экономика министрлігіне «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ветеринарларға көтерме жәрдемақы мөлшерін ұлғайту туралы ұсыныстар жолданды. Білім беру процесінің сапасын арттыру мәселелеріне келетін болсақ, ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдарында практикалық сабақтар өткізу; оқытудың практикалық бағыттылығын күшейте отырып, білім беру бағдарламаларын үнемі жаңартып отыру; - жас оқытушылардың ғылыми және өндірістік ұйымдар базасында оқытылатын пәндердің ерекшелігі бойынша кемінде бір жыл мерзімге міндетті тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру ұсынылды. Жоғарыда көрсетілген шараларды іске асыру білім беру процесінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді және ветеринария саласы үшін жоғары білікті кадрлар даярлау үшін негіз жасайды», - деп атап өтті спикер.


Аталған барлық мәселелер әзірленіп жатқан «Ветеринария туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасында көрініс табады. Құжат қыркүйек айында депутаттардың қарауына жіберіледі.