Форум барысында қатысушы елдердің волонтерлері қазақстандық волонтерлікпен, оның ішінде өңірлік волонтерлермен танысып, волонтерлік акцияларға қатысады. 

«БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік қоғамдастыққа волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылын жариялау туралы ұсыныс жасады. Қазіргі уақытта Сыртқы істер министрлігі Қазақстандағы БҰҰ волонтерлер бағдарламасымен бірлесіп, Жол картасын әзірледі.
Бұл идея түрлі халықаралық диалог алаңдарында, атап айтқанда, Ресейде, Таиландта, Қытайда, Түркияда, Латвияда және басқа елдерде өткізілетін іс-шаралар аясында белсенді түрде алға тартылуда. 15-17 тамыз аралығында Түркістан мен Бурабайда түрлі іс-шаралар кешенінде қатысушылар волонтерлік саланы дамыту, Орталық Азиядағы волонтерлікке жаңа серпін беру жолдарын пысықтауда, идеялар мен ұсыныстар жинақталуда. Форум барысында қатысушы елдердің волонтерлері экологиялық акцияларға қатысып, балалар үйіне барды. Шараның екінші бөлігі Нұр-Сұлтан  қаласында өтеді», - деді спикер.


Оның айтуынша, қорытынды іс-шарада БҰҰ волонтерлер бағдарламасы 2020 жылдың қорытындысы бойынша дайындалған «БҰҰ волонтерлер бағдарламасының әлемдегі волонтерліктің жай-күйі туралы» баяндаманың тұсаукесері ұсынылады. Бүгінде қазақстандық  волонтерлер БҰҰ-ның түрлі құрылымдарында белсенді жұмыс істеп келеді. Оның ішінде, 7 волонтер ҚР қолдауымен шетелдерде ҚР қолдауымен өзінің волонтерлік миссиясын атқарып жатыр.