Меморандум азаматтық қорғау саласында бірлескен ынтымақтастықты нығайтуға және халықтың әл-ауқаты мен қорғалуына, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жаңа технологиялардың дамуы мен енгізілуіне ықпал етеді.
Жобада қауіпті өндірістік объектілер, қауіпті техникалық құрылғылар, өндірістік ғимараттар мен технологиялық құрылыстар туралы ақпаратты, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша барлық қажетті құжаттаманы қамтитын «Өнеркәсіптік қауіпсіздік» блогы қарастырылған.
Бұл блог жабдықтардың өнеркәсіптік қауіпсіздігі тізбелерінің, кестелерінің, тексеру және техникалық куәландыру актілерінің, ревизиялардың, сипаттамалары мен сараптамаларының, өндірістік ғимараттар мен технологиялық құрылыстарды тексеру және диагностикалау жөніндегі құжаттаманың болуын көздейді.
Сондай-ақ, жұмыстарды жоспарлау, жабдықтарды пайдалану мерзімдерін бақылау, өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын уақтылы жүргізу туралы автоматты түрде еске салу, сараптама нәтижелері бойынша іс-шаралардың орындалуын бақылау, өнеркәсіптік қауіпсіздік құжаттарын (декларацияларды, сақтандыру шарттарын және т.б.) есепке алу мүмкіндігі бар.
Министрлік «Safety Management System» жобасының функционалына қашықтықтан қосылу құралдары бойынша техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын ұйымдастыру және олардың қызметі үшін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қауіпті өндірістік объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйіне мониторинг жүргізуді жоспарлап отыр.
ТЖМ мен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ арасындағы айқын және сенімді ынтымақтастық жаһандық мақсатқа – өндірісте жарақаттанудың нөлдік деңгейіне қол жеткізуге ықпал етеді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті