Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.

Жобада сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарын немесе басқа сақтандыру ұйымынан сатып алу сомасын аудару тәртібі белгіленеді.

Сондай-ақ, Жобада зейнетақы аннуитеті шартының ең төменгі құнынан асатын сатып алу сомасының бір бөлігін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына кері аудару қағидалары қарастырылады.

Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14173190 интернет-порталынан және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсынан «Нормативтік құқықтық база» бөлімінен танысуға болады.