Форумды Азиялық қауымдастыққа төрағалық ету аясында Моңғолияның Конституциялық Соты ұйымдастырды.

Пленарлық отырыста Конституциялық Кеңес Төрағасы іс-шараға қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, онда 2005 жылы Моңғолия астанасында алғаш рет Азияның Конституциялық соттарының қауымдастығын құру қажеттілігі туралы мәселе талқыланғанын атап өтті. Көпжылдық күш-жігердің нәтижесінде біздің ұйым үлкен әлеуеті бар беделді қауымдастыққа айналды. Спикер сондай-ақ төртінші конгрестің қорытындылары бойынша қабылданған Нұр-Сұлтан декларациясында біз жаһандық өзгерістер дәуірінде Конституцияның ең жоғары заңдық күшін қамтамасыз ету демократиялық жаңғырту жолына түскен кез келген мемлекеттің үдемелі дамуының міндетті шарты болып табылатынын тағы да растадық, деді. 

Конгресс жұмысы жаһандық өзгерістер контексінде конституциялық бақылауды жүзеге асыру мәселелеріне, сондай-ақ цифрландыру, электрондық басқару және климаттың өзгеруі сияқты жаңа сын-тегеуріндерге арналған екі сессияда өтті.

Бірінші сессияда Қ. Мәми "Қазақстандағы конституциялық бақылау: Қазіргі кезеңдегі міндеттер мен перспективалар" тақырыбында баяндама жасады. Конгреске қатысушыларға Қазақстанда жүргізілген конституциялық реформа, атап айтқанда, Конституциялық Кеңестің Конституциялық Сотқа трансформациясы туралы ақпарат берілді. 

Конгресс жұмысына Азия қауымдастығының мүшелері, шет елдердің конституциялық әділет органдарының төрағалары мен судьялары, Моңғолияның мемлекеттік құрылымдарының басшылары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.