«Дене шынықтыру және спорт туралы» заңның 15-бабында барлық мектептерге 3 сағаттық дене шынықтыру сабағы бекітілген. Бұл мәселе бойынша Оқу-ағарту министрлігімен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Алдағы уақытта осы жүктемені спорттық, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарынан алып тастау жоспарланған. Сонымен қатар осы интернатта жұмыс істейтін спорт жаттықтырушыларының жүкемесі қазір 24 сағат, оны 18-ге дейін төмендету жоспарланып отыр», - деді спикер.  


Оның мәліметінше, Қазақстанда 42 мыңнан астам спорт инфрқұрылымы бар. Оның басым бөлігі ауылдық жерде орналасқан. Өткен жылдары 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Биыл облыстарда осындай 10 кешен, сондай-ақ ауылдық жерлерде шағын, қолайлы спорт сарайлары салынады, 141 астам спорт нысаны қайта салынады, оның ішінде, модернизациялаудан, қайта жөндеуден өтеді.