Алғашқы барған объектісі – онкологиялық диспнсер. Бұл облыстағы  жалғыз маманданған онкологиялық  мекеме және қажетті  құралдардың бәрімен  жабдықталған.  Мекеменің стационары 200 төсек-орынға есептелген, ал емханасы ауысымына 100 адам қабылдай алады.

В.Дудник сәулелі диагностика және сәулелі терапия, эндоскопия, зертханалық-диагностикалық бөлімдермен танысты. Сондай-ақ вице-министрге  жоғарытехнологиялық сәулелі терапия жүргізуге арналған заманауи Желілік жеделдеткіштің жұмысын көрсетті.

Айта кетерлік жайт, Павлодар облысының онкологиялық диспансерінде жыл сайын шамамен 1500 операция жасалады. Оның ішінде 20%-дан аса операция инвазивті әдісті аз қолданатын, заманауи эндовидеохирургиялық жолмен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар вице-министр Павлодар қаласындағы 52 мыңнан аса адамға қызмет көрсететін  №3  емханаға барды.  

Вячеслав Дудник мұнда кешенді медициналық ақпарат жүйесі, ақпараттық-анықтамалық қызметтің енгізілуімен, баланы дамыту кабинетімен және емхана жанындағы жедел медициналық жәрдем бөлімшесімен танысты.

Емханада құзіретті мейірбикеге жүктеу арқылы учаскелік желінің жұмысын оңтайландыру үшін 3 мейірбике посты жасақталған. Медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру үшін кабинеттік тіркеу тәртібі, сall-орталық пен тіркеу бөліміне жүктемені азайту үшін цифрлық пост енгізілген.

Емхана ұжымы вице-министрмен кездесуінде алғашқы медициналық-санитариялық көмекті көрсеті және ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

В.Дудник сондай-ақ  Павлодардағы №1 қалалық ауруханаға барды. Бұл 440 төсек-орынға есептелген көпбейінді стационар.  Аурухана құрылымында 22 клиникалық және 4 параклиникалық бөлім бар.

Вице-министр жансақтау бөлімінің, щұғыл  зертхананың жұмысымен және жабдықталуымен,  реконструкция жоспарымен танысты.

Стационарда облыс бойынша жалғыз көпбейінді бөлімшелер бар: нейрохирургия, жүрек-қантамыр хирургиясы, политравма, күйік шалғандарды емдеу және нефрология бөлімшелері бар.  Нейрохирургия бөлімінің болғаны арқасында, инсульт алған науқастарға аралас ем жасалады.

Сондай-ақ ауруханада науқастарды операциялық емдеудің жоғарытехнологиялық әдістері кеңінен қолданылады. Медициналық көмек инновациялық диагностикалық және емдеу технологияларын қолдана отырып көрсетіледі.