Қолданыстағы ҚТҚ полигондарын сәйкес келтіру жоспарлануда. ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов осындай мәліметтер келтірді.  
Оның айтуынша, Өскемен қаласы бойынша І жартыжылдықта атмосфералық ауаға шығарындылардың жалпы көлемі 82,1 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың деңгейінде. Олардың үштен бірі кәсіпорындарға, жартысынан көбі автокөлікке тиесілі. 


«Өскемен ЖЭО-да түтін газын тазарту жүйесін жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда 2 қазандық агрегатта күлтұтқыш қондырғы мен түтін газын тазарту жүйесі қайта жаңғыртылды. Қоғамдық көлікті сұйытылған газға көшіру қарастырылған. 2024 жылға дейін 200 автобус сатып алынбақ. Теміртау қаласы бойынша шығарындылардың жалпы көлемі І жартыжылдықта 118,4 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6 мың тоннаға аз. Өнеркәсіп объектілеріне шығарындылар көлемінің жалпы санынан 92,6% немесе 109,6 мың тонна келеді. Оның ішінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ үлесі - 87% немесе 102,8 мың тонна. Жылу энергетикасы -7,4% немесе 8,8 мың тонна. Қарағанды облысы бойынша Жол картасында Теміртау қаласына қатысты 28 іс-шара қарастырылған, оның ішінде АрселорМиттал Теміртау 22 тармақты орындау бойынша міндеттемелерді мойнына алды. Сондай-ақ кәсіпорын қол қойған меморандум аясында эмиссияларды 30%-ға қысқартуды көздеп отыр. Біздің комитеттің кәсіпорынның эмиссияларын азайту жөніндегі қағидатты ұстанымы бар. Осылайша, реттеу шеңберінде 2022 жылға кәсіпорын шығарындылары нормативтерінің 31,6%-ға төмендеуіне қолжеткізілді. Кәсіпорын электр сүзгілерін салу, ACM аспаптарын орнату, бірнеше объектіде шаң тазалау жабдығы жүйелерін реконструкциялау бойынша міндеттемелер берді. Жыл соңына дейін ЖЭО-ПВС және ЖЭО-2 Қазандық жабдықтарын табиғи газға ауыстыру аяқталады», - деді спикер ОКҚ алаңында.  


Облыс бойынша ластанудың жоғары индексі Қарағанды және Балқаш қалаларында да байқалады. Жезқазған мен Балқашта «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС металлургия комбинаттарында шығарындылар 2025 жылдың соңына дейін 50%-ға төмендейді деп күтілуде. Балқаш мыс қорыту зауыты күкірт қышқылы цехының екінші желісін салу көзделген. Бұл күкірт диоксидінің шығарындыларын 2,3 есе азайтуға мүмкіндік береді. Осындай күкірт қышқылы цехын Жезқазған мыс балқыту зауытында да салу жоспарланып отыр. 2024 жылдың соңына дейін Балқаш қаласында тазарту құрылғылары салынады, қала қарқынды көгалдандырылып жатыр. Атмосфералық ауаның жағдайын жақсы бақылау үшін 4 қосымша датчик, сондай-ақ қаланың ауа жағдайы туралы ақпаратты онлайн режимде шығару үшін LED экран орнатылды.