Қазіргі кезде басқа құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, ұйымдастырушылар мен осы оқиғаларға тікелей қатысы бар күдіктілерді анықтау бойынша қажырлы жұмыс жалғасуда. Олардың әрқайсысы бойынша мұқият тергеу жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша анықталған күдіктілер соттарға берілуде және жасалған әрекетіне байланысты тиісті жазалар алуда. 


«Ресми мәлімет туралы айтатын болсақ, полиция тергеушілері қаңтар оқиғалары бойынша 4642 қылмыстық іс қозғады, 971 істің өндірісі аяқталды, оның ішінде 609 айыпталушыға қатысты іс соттарға жолданды. Сот қарауларының нәтижелері бойынша 539 айыпталушыға үкім шықты, олардың 425-і бас бостандығын шектеуге және тек 104-і ғана ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталды.  Қазір полиция тергеушілерінің өндірісінде 276 іс бар. Жалпы, бүгінгі таңда полиция тергеушілерімен 40 мыңға жуық тергеу әрекеттері жүргізілді, 15 мыңнан астам азаматтан жауап алынды және 2,5 мыңнан аса сараптама тағайындалды», - деді ведомство өкілі.


Зардап шеккен азаматтарға 360 млнтеңгеге жуық сомаға бағаланған залалды өтеу қамтамасыз етілді. Оның ішінде, сотқа дейінгі тергеу және істерді сотта қарау сатысында күдіктілер өз еріктерімен жәбірленушілерге 15 млн теңгеден астам сомаға залалды өтеді.