Бүгінгі күні 16 млрд астам цифрлық құжат өңделді және 144 тәуекел моделі жасалды.


Деректерді өңдеу бойынша бизнес-процестер автоматтандырылды. Тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы салық төлеушілерді тәуекел дәрежесі бойынша санаттарға бөлу жүргізіледі. Сондай-ақ, салық төлеушілерді тексеру және автоматты камералдық бақылау үшін іріктеу жүргізіледі.


«2021 жылғы маусымнан бастап «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп контрагенттерді олардың сенімділік деңгейін анықтау мүмкіндігімен дербес тексеру үшін «Салық төлеушілердің адалдық индексі» сервисі іске қосылды. Тәуекелдерді басқару жүйесі салықтардың жиналуын жақсартуға, салықтық бұзушылықтарға жедел ден қоюға және жалған кәсіпкерлік белгілерін анықтауға мүмкіндік береді. Тәуекелдерді басқару жүйесі енгізілген сәттен бастап бюджетке қосымша 500 млрд теңге қаражат түсті. Салық міндеттемелерін орындау процесін жеңілдету құралдарының бірі E-SALYQ мобильді қосымшаларын құру болып табылады. Жеке тұлғалар үшін «салық әмияны» қызметін атқаратын «Е-Salyq-Azamat» мобильді қосымшасы енгізілді. Пайдаланушылар саны 1,3 млн жетті. Биыл 1 қаңтардан бастап кәсіпкерлік субъектілерінің салық міндеттемелерін орындауына ыңғайлы болу үшін «E-Salyq-Business» мобильді қосымшасы іске қосылды. Бүгінде пайдаланушылар саны - 307 мың жеке кәсіпкерді құрайды»  -  деді спикер.