Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Мажарстан қарым-қатынастарының жағдайы мен болашағын, биылғы жылы жоғары деңгейдегі екіжақты сапарлар жоспарларын, шарт-құқықтық базасын кеңейту мүмкіндіктерін, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. 2022 жылдың қаңтар-маусым айларында екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 64,6 млн АҚШ доллар құрады. Қазақстандық өнімдердің Мажарстанға экспорты 7,9 млн АҚШ долларға, ал Мажарстанның Қазақстанға импорты 54,7 млн ​​ АҚШ долларға жетті. Соңғы 16 жылда Қазақстан экономикасына мажарлық тікелей инвестициялардың көлемі 270 млн АҚШ доллар құрады.

Биыл Қазақстан мен Мажарстан дипломатиялық қарым-қатынастарының орнағанына 30 жыл толуын атап өтуде. Әңгімелесушілер осы уақыт аралығында тараптар көп қырлы ынтымақтастықты нығайту және кеңейту үшін көптеген шаралар атқарғанын атап өтті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша дипломаттар екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту бағытына бейілді екендігін растады, сондай-ақ Қазақстан-Мажарстан қарым-қатынастарының барлық ауқымда одан әрі дамитынына сенім білдірді.