Біріншіден, әрбір психикалық денсаулық орталығында сенім телефондары, онлайн-психотерапиялық және психологиялық көмек көрсету бойынша ақпараттық ресурстар жұмыс істейді, онда білікті мамандар кеңес береді. Сонымен қатар есірткінің жағымсыз әсерін әркімге жеткізу үшін жасөспірімдермен, жастармен жұмысты кеңінен жүргізу қажет.  


«Қазіргі уақытта медициналық-әлеуметтік көмекке мұқтаж халыққа бірыңғай Call-орталық арқылы халыққа консультативтік, психологиялық қолдау көрсету үшін Психикалық денсаулық қызметінің байланыс орталығын құру жұмыстары жүргізіліп жатыр, көмекті қалай алуға болады, оңалту бөлімшелері қайда жұмыс істейді, осы бөлімшелерге қалай кіруге болады. Аталған Колл орталық елдің барлық психикалық денсаулық орталықтарын біріктіретін болады; өңірлік психикалық денсаулық орталықтарында есірткіге тәуелді пациенттерді медициналық-әлеуметтік оңалтудың үш кезеңдік бағдарламасы бар бөлімшелерді кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде, онда есірткіге физикалық тәуелділіктен арылуға, әлеуметтік дағдыларды қалпына келтіруге, сондай-ақ есірткіні қайта пайдалануға төзімділікті қамтамасыз ететін жеке қасиеттерді дамытуға бағытталған медициналық және әлеуметтік іс-шаралар өткізіледі. Бұл бөлімшелерде өздері тәуелді болған және өз тәжірибесіне сүйене отырып, пациенттердің сауығуына көмектесетін адамдар жұмыс істейді. Бүгінгі таңда үш кезеңді оңалту 7 өңірде жұмыс істейді: Ақмола, Қостанай, Павлодар, Түркістан, Ақтөбе облыстарында және Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында. Қазан айында бөлім Солтүстік Қазақстан облысының психикалық денсаулық орталығында ашылады», - деді спикер.