Болжам бойынша, жаңа оқу жылында жатақханаға мұқтаж студенттер саны 89 мыңнан астам адамды құрайды депп күтілуде. Бұл ретте ең үлкен қажеттілік Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында туындап отыр. Алматыда 37 мыңнан аста, Нұр-Сұлтан қаласында 14855 орын қажет. 

«Жатақханалардағы орын тапшылығы мәселесін шешу үшін 30 жоғары оқу орындары қонақ үйлер мен хостелдердің иелерімен 16 800 астам төсек-орынды жалға алу бойынша келісімшарттар жасады. Сонымен қатар студент жастардың өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін 2018 жылдан бастап жаңа жатақханалар салу жұмыстары жүргізілуде. Осы бастаманы іске асыру басталғаннан бері жоғары оқу орындарында 20 700 аста төсек-орынға арналған 93 объект, оның ішінде 2022 жылы 1470 төсек-орынға арналған 6 объект пайдалануға берілді. Бүгінгі күні еліміздің 103 жоғары оқу орнында әкімшілік-оқу корпустарын, жатақханаларды, кітапханаларды, спорт залдарын, асханаларды жөндеу, сондай-ақ жылыту жүйелерін жөндеу жұмыстары жүргізілді»,  -  деді  вице-министр.