"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес медицина саласындағы материалдық-техникалық базаны нығайтуға ерекше көңіл бөлеміз. Сондай-ақ, жаңа денсаулық сақтау нысандарын, соның ішінде ауылдық жерлерде салудамыз. Облыс тұрғындарын қолжетімді және сапалы медицинамен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасатын болады", - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.
 
"Біз өте қуаныштымыз. Жаңа автокөліктердің арқасында біз медициналық көмектің сапасын арттырып, медицина қызметкерлерін пациенттерге, ал пациенттерді медициналық мекемелерге жеткізуді жеделдете аламыз. Әсіресе, аудандық жедел жәрдем қызметтерінің назардан тыс қалмағаны қуантады. Облыс әкімінің қолдауының арқасында біз автокөліктерге деген қажеттілікті толығымен жауып тастадық", - деп атап өтті Облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Марат Жанқұлов.
 
Айта кетейік, 32 жаңа автокөлік Ақтөбе қаласының тұрғындарына қызмет көрсететін болады, 17 реанимобиль аудандық жедел медициналық жәрдем бөлімшелеріне жіберіледі, тағы 3 реанимобиль медициналық авиация бөлімшесіне берілді.