«2022 жылы консерваторияның 227 ұстазы еліміздің және шетелдің жетекші шығармашылық жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдары базасында өз салаларымен оқытылатын пәндері бойынша біліктілігін арттырды. Профессор-оқытушылық ұжымның тындырымды да жемісті жұмысының нәтижесін, біздің студенттердің халықаралық және республикалық конкурстардағы жеңістерінен байқауға болады. Өткен оқу жылында ғана 38 консерватория студенті талантты орындаушылықтарымен халықаралық конкурстардың лауреаты атанса, республикалық деңгейде 119 адам жүлделі орынға ие болды.
Консерватория білім сапасының еуропалық деңгейге сәйкестігі, жоғары оқу орнының  2022 жылғы өткен халықаралық аккредиттеу агенттігі және рейтингі тарапынан ЖОО-ның институционалдық қайта аккредиттелуімен сипатталады. Бұл, Брюссельде орналасқан «Мьюзик» халықаралық аккредиттеу агенттігінің штаб-пәтерінің қолданыстағы білім беру бағдарламалары мен біздің ЖОО-ның Эрасмус+ бағдарламасына тұрақты да толыққанды қатысушы және әріптес ретіндегі байланысымыз бойынша консерваториялық білімнің жоғары еуропалық деңгейге сәйкес келетіні танылды. 2022 жылдың наурыз айында Құрманғазы атындағы ҚҰК консерватория оқытушылары Эрасмус+ академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Испанияның Виго қаласында шеберлік сыныптарымен және концерттерімен қатысты. Ал студенттеріміз бұл жобаға жыл сайын тұрақты қатысады», - деді спикер.


Айта кетейік, консерватория 2021 жылы алғашқы рет «Классикалық гитара», ал биыл «Арт-менеджмент» мамандығы бойынша магистратура білім беру бағдарламасына оқуға қабылдады. 2023 жылы «Музыкалық театр режиссурасы» білім беру бағдарламасын ашу жоспарлануда.