Мұның тиімділігі үкіметтің, жергілікті атқарушы билік органдарының, сарапшылар қауымдастығының үйлесімді жұмысына байланысты. Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары Дана Әшімханованың айтуынша, Мемлекет басшысы Жолдауда іске асыру тетіктерін жариялады.
«Ол нақты ұлттық жобалар іске асырылатынын мәлімдеді, оларды атап өтті. Сонымен қатар, ұлттық жобаларды, әсіресе әлеуметтік салада тиімді іске асыру үшін демографиялық даму ерекшелігін, демографиялық қауіпсіздікті ескеру қажет екеніне назар аударғым келеді. Себебі Мемлекет басшысының бұл бастамалары болашақта бала туудың өсуіне немесе ағымдағы деңгейде сақталуына себеп болуы мүмкін. Бұл бірнеше мәселені өзектендіреді: біріншіден, туу көрсеткіші халықтың әлеуметтік осал топтарына, табыс деңгейі төмен адамдарға берілетін болады; екіншіден, туу деңгейінің өсуі немесе оның ағымдағы деңгейде сақталуы әлеуметтік инфрақұрылымның, осы емхананың, мектептің қамтамасыз етілуі мәселелеріне, одан әрі еңбек нарығына көптеп шығуа алып келуі мүмкін; үшінші, оң өзгерістерден басқа, бұл бастамаларды іске асыру кезінде ескермеуге болмайтын белгілі бір тәуекелдерге әкелуі ықтимал. Президент ұсынған мемлекеттік сатып алу, экономика саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді жаңғырту қажеттілігі жөніндегі бастамалардан басқа, демографиялық мәселелер саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу қажет. Нақтырақ айтқанда, бастысы, іске қосылатын ұлттық жобалардағы болжамды бағалау және демографиялық қауіпсіздік мәселелеріне назар аудару қажет», - деп түйіндеді сарапшы.