Атап айтқанда, Қарабалық ауданында 15 га дәнді және 2 га  аумақта зығыр дақылдары өртенді. Меңдіқара ауданында 1 га астық жинау алқабы жойылды.  Осылайша, Қостанай өңіріндегі жалпы егіс алаңының 0,1% - дан аз көлемі зардап шекті, ал өңірдегі егістіктің жалпы аумағы  5,3 млн га құрайды. Айта кетейік, облыстың шаруалары биыл 3,9 млн га дәнді және дәнді-бұршақты, 3,5 млн га бидай және 749,1 мың га майлы дақыл отырғызған болатын.

 Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 3 қыркүйегіне өңірде 1,8 млн га немесе егіс алаңының 45,3% жиналды, 1,8 млн тонна дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды.

Осыған орай, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қостанай облысындағы табиғи апат Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігіне, өнімнің болжанған көлеміне, сондай-ақ, экспорттық уағдаластықтардың орындалуына ешқандай кері әсерін тигізбейтінін нақты мәлімдейді.

Сондай-ақ, астық дақылдары бойынша егін жинау жұмыстары республиканың барлық өңірлерінде белсенді жүргізіліп жатқанын атап өтеміз. Бүгінгі таңда дихандар 7 млн га дәнді дақылды жинады (немесе барлық астық көлемінің 43,7%), 12,2 ц/га орташа өнімділікпен 8,6 млн тонна астық бастырылды (2021 жылы ұқсас кезеңімен салыстырғанда орташа өнімділік 7,8 ц/га құрады).