Бұған дейін хабарланғандай, 02 қыркүйек күні түстен кейін Басаман, Семиозер орман шаруашылықтары аумағында орман мен қураған ағаш өртенді.
03 қыркүйекте метеожағдайдың күрделенуіне байланысты, оның ішінде ауа температурасы 36 градус, желдің екпіні 23 м/с дейін, өрт алаңы 43 мың га дейін ұлғайды.
Елді мекендерге төнген қауіпке байланысты Озерное, Аманқарағай, Калинино және Лесное ауылдарынан 1841 адам эвакуацияланды.
Қазіргі уақытта Бағаналы селосын қорғауға күштер мен құралдарды қайта топтастыру жүргізілді. Жанудың екі ошағы анықталды. Бағаналы ауылы Қазанбасы ауылына эвакуацияланды. Оқиға орнында 18 бірлік техника, 444 адам, 2 әуе кемесі жұмыс істейді.
Жергілікті атқарушы органдар эвакуацияланғандарды Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатына орналастыруды ұйымдастырды, эвакопунктерде 66 адам бар, қалғандары өз үйлеріне оралып, туысқандарына орналастырылды.
ТЖМ жедел желісі жұмыс істейді, ТЖМ мен Қостанай облысының ТЖД психологтарының жұмысы ұйымдастырылды.
ТЖМ жедел желісіне ақпараттық сипаттағы 34 қоңырау келіп түсті. Сонымен қатар, 8 психолог Әулиекөл ауданының эвакопунктерінде халыққа шұғыл психологиялық көмек көрсетуде.
Қазіргі уақытта орман аймағындағы (жиегінің жалпы ұзындығы 5 км) 5 учаскеде (Аманқарағай, Лесное, Озерное, Бағаналы және Калинино ауылдары ауданында) өрт сөндіру жүргізілуде.
Барлығы 91 тұрғын үй зардап шекті. 11 адам жеңіл және орташа дәрежедегі жарақат, күйік, улану алды, бір адам қайтыс болды.
Өртті сөндіруге, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау үшін ІІМ жеке құрамынан қосымша 300 адам тартылды.
224 бірлік техника, 7 әуе кемесі, 5 өрт сөндіру поезы, жеке құрамның 2193 адамы мен күштері жұмылдырылды.
Өртті сөндіру басталған сәттен бастап 109 су ағызылды.
Новонеженка ауылында ҚР ТЖМ 52859 ә/б күшімен зардап шеккен халықты қабылдау үшін шатырлар тігілді.
Нұр-Сұлтан қаласында Мәжіліс депутаттарының бастамасымен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсететін лек құрылды.
Қостанай облысында орман өрттері фактілері бойынша Ішкі істер органдары қылмыстық кодекстің 341-бабы (ормандарды жою немесе бүлдіру) және 2-бөлімнің 204-бабы (Бөтен мүлікті абайсызда жою немесе бүлдіру) бойынша қылмыстық істер қозғады.