Оның сөзінше, QazaqBitum бойынша өндіріс жоспарының орындалмауы– басқа МӨЗ-дермен салыстырғанда битумға бағаның жоғары болуына байланысты жол-құрылыс компанияларынан өтінімдердің болмауымен түсіндіріледі, өйткені QazaqBitum оны импорттық шикізаттан (гудрон) өндіреді.
«QazaqBitum-дағы битум бағасы (тоннасына 225 мың теңге) ресейлік гудронды сатып алуды ескере отырып, Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасындағы бағалармен салыстырғанда (тоннасына 200 мың теңгеге дейін) оларға тең немесе төмен. Осылайша, QazaqBitum жұмыс орындарын қамтамасыз ететінін және қосылған құнды құрайтынын ескере отырып, QazaqBitum өндірістік қуаттарын пайдалану орынды деп санаймыз.
Сондай-ақ, Қазақстан Энергетика министрлігі мен Ресей Федерациясының келіссөздері нәтижесінде гудрон импортының көлемі 280-нен 430 мың тоннаға дейін ұлғайды», - деп атап өтті министр.
Қазіргі уақытта «алушы-берушілер» – ірі мұнай жеткізушілері битумды Автомобиль жолдары комитеті ұсынған жол компанияларының тізбесі бойынша тиеп-жөнелтуді жүргізуде.
Ведоммство басшысы елдегі битумның жиынтық өндірісін жылына 1,2 млн тоннаға дейін ұлғайту жұмыс істеп тұрған зауыттарды қосымша тиеу есебінен мүмкін болатынын айтты.
«CaspiBitum - Қаражанбас мұнайын өңдеу есебінен жылына 500 мың тоннаға дейін, яғни қосымша 94 мың тонна; Qazaq Bitum - Ресей гудронының импорты есебінен жылына 374 мың тоннаға дейін, қосымша 200 мың тонна. Бұл үшін жол-құрылыс компанияларының өтінімдері қажет, оның ішінде битумға сұраныс төмендеген қысқы-көктемгі кезеңде өтінімдері қажет», - деді Ақшолақов.