«Мемлекет басшысы келіп, жиынға қатысты, халыққа қолдауын білдіріп жатыр. Осы қолдаудың өзі жергілікті тұрғындарға, жапа шеккен азаматтарға, жергілікті тұрғындарға үлкен мотивация, үлкен қуат беріп жатыр. Мемлекет басшысы бастап, халқымыз қолдап, «Amanat» секілді саяси ұйымдар бірігіп, бұл қиын жағдайды өткеріп, Қостанай облысында, соның ішінде апат болып жатқан Әулиекөл ауданына шуақты, мерекелі,  берекелі күндер оралады деп сенемін», - деді спикер. 


«Amanat» партиясының орталық аппаратының қызметкерлері, Мәжілістегі фракция мүшелері елордадан, Алматыдан, СҚО, Ақтөбе, Ақмола облысынан жергілікті филиал өкілдері, Жастар рухының өкілдері, волонтерлер Қостанайға барып, жұмыс істеп жатыр.

«Бүгін таңертең осы құраммен бірнеше ауыр жүк көліктерін күтіп алдық. Алыстағы өңірлерден жиналып, көмек ретінде жіберілген азық-түлік, киім-кешек, басқа да тазалық,  тұрмысқа қажет заттарды «Amanat» партиясы жергілікті Әулиекөл спорт мектебінде ашқан орталыққа орналастырды. Алдағы уақытта көмекке мұқтаж жандарға тиісті көмектер көрсетіліп, заттар таратылады. Сондай-ақ Әулиекөл ауданы орталығында Болашақ атты үлкен спорт кешен бар, кеше сол жердегі волонтерлермен бірге жұмысты бастап кеттік. Көп көмек көрсетілуде», - деді Кертаев.  


Сондай-ақ «Балаларды мектепке даярлайық» жыл сайынғы акциясы аясында өрт шалған  ауылдардағы 34 оқушыға, Қостанай облысының филиалымен бірігіп, мектепке қажет оқу құралдары, құрал-жабдықтар, киімдер арнайы апарып беріледі.