47 жылдан астам уақыттан бері халықтың репродуктивті денсаулығын қорғаумен айналысып келе жатқан Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығын бірінші аралады.

Вице-министр жыл сайын 7000-нан астам жоғары қаупі бар жүкті әйелге және гинекологиялық науқастарға жоғары мамандандырылған акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетілетін орталық клиникасының, сондай-ақ эндокринология, биохимия және медициналық генетика бойынша ғылыми зертханалардың жұмысымен танысты. «Мемлекет үшін балалар мен әйелдерге медициналық көмек көрсету басымдық болып табылады. Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық және медициналық көмек көрсетумен қатар, оңалту деңгейін көтерумен бірге ана мен баланы қорғауға ерекше көңіл бөлуде», - деді В.Дудник.

Сондай-ақ, вице-министр "Алатау" Балалар клиникалық шипажайында болды. Бұл соматикалық инфекциялық емес ауруларды емдеудің дәрілік емес әдістері қолданылатын таулы-климаттық курорт. Климатотерапия 100 адамға есептелген шипажайдың жетекші бағыты болып табылады.

 В.Дудник аралаған келесі нысан -  мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтумен айналысатын "Балбұлақ" Республикалық балаларды оңалту орталығы. "Балбұлақ" орталығына барлық өңірлерден жүйке жүйесі мен психикасының органикалық зақымдануы бар балалар жатқызылады, бірақ бейінді нозология балалардың церебралды сал ауруы болып табылады. Орталықтың қызметі балаларды кешенді-медициналық-психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік оңалтуға бағытталған.

"«Медициналық оңалту – соңғы жылдары белсенді дамып келе жатқан маңызды бағыттардың бірі. Қазақстан Республикасында медициналық оңалтуды 637 денсаулық сақтау ұйымы жүзеге асырады. Оңалту емдеу және медициналық оңалту үшін төсек-орынмен қамтамасыз ету 62% құрайды, жыл сайын балаларға арналған оңалту емдік төсек-орындарының саны шамамен 2 есеге өсуде. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі медициналық оңалтумен қамтуды күшейту мен арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асыруды жалғастырады", - деп атап өтті Вячеслав Дудник.

Бұдан кейін вице-министр 290 төсектік "Ақсай" университеттік клиникасына барып, онда 35 мамандық бойынша мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек көрсетеді, 19 бөлімшесі, 7 клиникалық орталығы бар. Клиникада жыл сайын 7 мың бала стационарлық ем алады, 1500-ден астам ота жасалады, консультативтік-диагностикалық орталыққа 30000 адам барады.

Денсаулық сақтау вице-министрі құлақтың, мұрынның және көмейдің патологиясы бар балаларға жоғары деңгейде емдеу-диагностикалық көмек көрсететін отоларингология және сурдология клиникасының жұмысымен танысты.

Жұмыс сапарының соңында В.Дудник Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының жұмысымен танысты. Орталық инновациялық технологиялар мен алдыңғы қатарлы медицина ғылымының жетістіктерін пайдалана отырып, балаларға сапалы медициналық қызмет көрсетумен қатар, өңірлердегі педиатриялық қызметтің жұмысын үйлестірумен айналысады.

Вице-министр балаларға медициналық көмек көрсету жөніндегі орталықтың, әсіресе онкологиялық аурулары бар балаларды емдеуді ұйымдастыру бөлігіндегі жұмысын жоғары бағалады.

Айта кетері, барлық медициналық ұйымдарда вице-министр ұжымдармен кездесулер өткізді, олардың барысында жаңа технологияларды дамыту және трансферттеу, медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру және медициналық қызмет сапасын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.