Кездесу барысында пилоттық ұйымдарда деректерді жинау мен талдаудың және процестерді басқарудың жаңа технологияларын енгізу, медициналық бейнелердің орталықтандырылған қоймасын құру, сондай-ақ медициналық ұйымдарда толық қағазсыз құжат айналымына толыққанды көшу мәселелері талқыланды, бұл клиникалық хаттамаларды цифрлауды, қажетсіз нысандар мен талаптардан арылуды көздейді.

Сонымен қатар, медицинадағы коммуникация арналарын кеңейту тақырыбы көтерілді, бұл телемедицинаны және денсаулықты қашықтықтан мониторингілеуді кеңінен енгізу.

Сондай-ақ қос ведомство басшылары дәрі-дәрмек айналымы, медициналық қызмет және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау салаларында автоматтандырылған мемлекеттік бақылау құралдарын енгізу аспектілерін талқылады.

Тараптар Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығын ЦДИАӨМ-ге беру және цифрлық денсаулық сақтау саласында заңды тұлға мәртебесін беру туралы шешім бойынша ортақ пікірге келді.

Отырыс барысында атап өтілгендей, бұл шешімнің артықшылығы денсаулық сақтау саласында орталық ақпараттық хаб құру және тұтастай алғанда, мемлекеттік денсаулық сақтау қызметтерін көрсетудің сапасын, тиімділігін, қолжетімділігі мен ыңғайлылығын арттыру болмақ.

РЭДО-ны цифрлық денсаулық сақтау саласындағы заңды тұлға ретінде айқындау оған денсаулық сақтау және денсаулық сақтау жүйесі туралы деректерді қалыптастыруды міндеттеуге, сондай-ақ ақпараттық жүйелердің тиісінше жұмыс істеуіне және денсаулық сақтау саласында медициналық статистиканы жүргізуге, дербес медициналық деректерді таратпауға, ақпараттық жүйелерде сақталатын медицина қызметкерінің құпиясына және т. б. жауапкершілікті жүктеуге мүмкіндік береді.