«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейiн әлемдегi үздiк 5 университеттiң филиалдарын ашу бойынша тапсырма берген болатын. Осы жұмыстың аясында Аризона университетiмен бiрлесiп қос дипломды бiлiм беру бағдарламасы басталды. Бүгiн университетiмiздiң тарихындағы маңызды күн. Бұл әлемдегi ең үздiк университеттердiң бiрiмен серiктестiктiң жемiсi. Бiр жыл бойы келiссөздер жүргiзiлдi. Бұл жоба бiздiң өңiрдiң экономикасына жан-жақты әсер етедi», — деп жазды СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов әлеуметтiк желiдегi парақшасында.

Бiрiншi курсқа 170 студент қабылданды, оларға арнайы грантта оқиды. Жыл сайын мемлекеттен 500 грант бөлiнедi. Басқа өңiрлерден жастар келiп жатыр. Жаңа халықаралық бағдарлама бойынша бiлiм алуға 7 қаладан студенттер келдi. 3 жыл студенттер бiздiң университетте, 1 семестр Аризонда оқиды. Соңында қос диплом алып шығады.

Инфрақұрылым жақсаруда. Заманауи оқу-зертханалық корпустың құрылысы аяқталуда, онда 68 ғылыми, оқу және виртуалды зертхана шоғырланатын болады. Университет үшiн 1,4 мың орындық 3 жатақхана салынуда.