Мысалы, «Самұрық-Қазына» қорының қызметін инвестор ретінде қайта форматтау бөлігінде нақты секторды дамыту бағыты бойынша. 


«Бүгінде Қордың инвестициялық шешімі коммерциялық мақсаттылық, ұзақ мерзімді мүдделер және негізгі критерий тиімділік қағидаттарына негізделеді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасын ескере отырып, Қордың инвестициялық жобалары мен активтерінің портфелін қайта қарау, оның ішінде оларға сыни бағалау жүргізу қажет. Басымдықтарды белгілеу және активтер мен жобалардың оңтайлы портфелін қалыптастыру, оның ішінде инвестицияларды жекешелендіру, ресурстарды босату және қайта бөлу тетігі арқылы қалыптастыру болжануда. Ел, өңір, сала үшін стратегиялық маңызы бар, оның ішінде инфрақұрылымды жаңғыртуға, жаңа салалар мен жоғары технологиялық өндірістерді құруға бағытталған инвестициялық жобаларға басымдық беріледі», - деді спикер.


Мемлекет басшысының «Ұлттық қор – балаларға» жобасын іске асыру бөлігіндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатында Үкімет қормен бірлесіп бағдарламаны іске қосу тетігін пысықтауда. 18 жасқа дейінгі барлық балаларға дербес жинақтаушы шоттар ашылады және 2024 жылдан бастап жыл сайын балалардың шоттарына Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің жартысынан түскен қаражат есепке алынатын болады. Ведомство басшысы төлем жылына бір рет жыл басындағы 18 жасқа дейінгі балалардың санын ескере отырып, барлығына бірдей мөлшерде жүзеге асырылатынын атап өтті. Қазіргі уақытта төлемдер механизмі қосымша есептеліп жатыр.