Бұдан басқа, реттеуші 8 төлемге қабілетсіз банктен лицензиялар кері қайтарып алынды, 3 банк бойынша жаңа ірі инвесторларды тарта отырып, акционерлердің капиталын толық есептен шығару жүргізілді.


«2022 жылғы 4  шілдеде Мемлекет басшысы ҚР кейбір заңнамалық актілеріне стресстік активтерді дамыту мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР заңына қол қойды. Оның ережелері 2022 жылғы 4 қыркүйекте қолданысқа енгізілді. Бұл заң агенттіктің банк жүйесіндегі стресстік активтер деңгейін төмендетуге бағытталған жұмысының қисынды жалғасы болып табылады. 2019 жылы реттеуші активтердің сапасына тәуелсіз бағалау жүргізілді, оның нәтижесінде стрестік активтердің үлесі банктердің несие портфелінің 21%-ы деп бағаланды. Анықталған шығындарды өтеу үшін банктер 554 млрд теңгеге қосымша провизиялар қалыптастырып, 128 млрд теңгеге қосымша капиталдандыру жүзеге асырылды», - деді спикер.


Қазіргі уақытта 13 банк 2020 жылдан бастап 2024 жылға дейінгі кезеңге арналған стрестік активтерді 2,7 трлн теңгеден 0,9 трлн теңгеге төмендету жөніндегі жеке қадағалау жоспарларын іске асыруда. Банктер бұл жоспарларды мерзімінен бұрын орындауда. Бүгінгі таңда жоспарлар 60% орындалды.