Біріншіден, заңда стресстік активтерді авторизацияланған сатып алушылардың қолданыстағы тізімін жеке инвесторларды, оның ішінде бейрезиденттерді қосу арқылы кеңейту көзделеді. Бұл мемлекеттік қаражатты тартпай, банктердің баланстарын жұмыс істемейтін кредиттерден тазартудың нарықтық тетігін жасайды. 

«Бұл ретте бұған дейін «Банктер туралы» заңның 36-бабына сәйкес авторизацияланған сатып алушылардың тізіміне қаржы және мемлекеттік ұйымдар ғана, атап айтқанда: екінші деңгейдегі банктер, банктердің стрестік активтерді басқару жөніндегі еншілес ұйымдары, проблемалық кредиттер қоры, коллекторлық агенттіктер және басқа да қаржы ұйымдары кірді. Жеке инвесторларға заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің қарыздарын сатып алуға рұқсат етіледі. Қарыз алушы – жеке тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін заңда жеке тұлғалардың кредиттерін инвесторларға сату көзделмеген. 


Екіншіден, заңда сервистік компаниялар институтын құру көзделеді. Олар инвесторларға жұмыс істемейтін кредиттерге қызмет көрсету және басқару қызметтерін көрсетеді. Жеке инвесторларға жұмыс істемейтін кредиттерді сату кезінде сервистік компаниялар институтын енгізу маңызды болып табылады, себебі бұл компаниялардың проблемалық қарыз алушылармен жұмыс істеу бойынша тиісті жұмыс тәжірибесі мен құзыреті болады», - деді агенттік төрағасының орынбасары.