«Дәрі-дәрмекпен 4542 ауыл (немесе 80 %) қамтамасыз етілген, ал 1145 елді мекеннің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету проблемасы шешілуде. Соңғы 2 ай аралығында ауылдық елді мекендердегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек жанындағы 8 дәріхана пунктінің 59 дәріханасына лицензиялар және оған қосымшалар берілді. Сонымен қатар сақтандырылмаған азаматтарды сақтандыру жүйесіне қосу және медициналық көмектің қол жетімділігін арттыру мақсатында заңға 12 айға алдын ала төлем жасау нормасы енгізілді. Осылайша, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек жарналарды төленген сәттен бастап қолжетімді болады», - деді А.Ғиният.

Ведомство басшысы ауыл халқы үшін скринингтердің жеткіліксіздігін ескере отырып, 18 жастан бастап жаңа нысаналы топтарды анықтау арқылы ауыл халқын қамтуды ұлғайту тәсілдері қайта қаралғанын атап өтті. Ауылдық жерлерде профилактикалық тексеру жүргізу үшін нысаналы топтар айқындалды: «Балалар», «Жастар», «Зейнеткер», еңбек жасындағы азаматтар.

Биыл қыркүйек айының ортасынан бастап Қарағанды (Абай ауданының орталық аудандық аурухана), Ақмола (Аршалы орталық аудандық аурухана) және Алматы (Еңбекшіқазақ орталық аудандық аурухана) облыстарында ауыл халқы скринингінің пилоттық жобасы іске қосылып, кейіннен барлық өңірлерде кезең-кезеңмен енгізіледі.

Сонымен қатар соңғы 3 жылда ауылдық денсаулық сақтаудың қол жетімділігін жақсарту бойынша қаражат деңгейі 95% өсті, яғни 143,3 млрд теңгеге дейін.