Осы тапсырманың негізінде жаңа нысандар салынады, шамамен 1 млн ауыл халқы алғашқы медициналық-санитарлық көмекпен қосымша қамтылады; алғашқы медициналық-санитарлық көмек қол жетімділігі артады, уақытылы медициналық көмек көрсету, асқынулардың алдын алу қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар 32 көп бейінді орталық аудандық ауруханаларды жаңарту жұмысы жүргізіледі, қолданыстағы 12 нысан жаңартылып, 20 жаңа ұйым салынады.

«Көп бейінді орталық аудандық ауруханаларды ұйымдастыру кардиологиялық және инсульт орталықтарын ашуды қарастырылады, медициналық оңалту, травматология, хирургия, реанимация және қарқынды терапия, триаж жүйесі бар қабылдау бөлмелерін, сондай-ақ қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен, КТ, МРТ, ангиографтармен, эндоскопиялық, реанимациялық жабдықтармен жабдықтандыруды, күрделі жөндеу жүргізу көзделген. Осы іс-шараларды табысты іске асыру ауыл халқына инфаркт, инсульт, босану, жарақат алу және басқа жағдайларда «алтын сағат» қағидатын сақтай отырып, шұғыл медициналық көмекті уақытылы көрсетуге; қан айналымы жүйесі ауруларының өлім-жітімін 20%-ға төмендетуге; 4 млн астам ауыл халқын ірі қалаларға бармай-ақ сапалы, әрі жоғары технологиялық медициналық көмекпен қамтамасыз етуге ықпал етеді», - деді министр.

Сөз соңында А. Ғиният ауыл халқының сапалы және уақтылы медициналық көмекке тең қол жеткізуін қамтамасыз ету Денсаулық сақтау министрлігі үшін басым мақсат болып табылатынын және оң нәтижеге жеткенше жергілікті атқарушы органдармен және мүдделі мемлекеттік органдармен жұмыс жалғасатын атап өтті.