Сессияда ДДҰ Еуропа өңірінің 52 елінен келген делегаттар жұқпалы және жұқпалы емес аурулар, онкология, туберкулез, АИТВ/ЖИТС-тің таралуының алдын алу, жасөпірімдер арасындағы семіздік мен  алкоголь тұтынымы, сондай-ақ саламатты мінез-құлық пен өмір салтын ұстануға ынталандыру, цифрландыруды дамыту және кадрлық ресурсты даярлау секілді бірқатар мәселелерді талқылауда.

ЕуроДДҰ 72-ші сессиясы делегаттарының алдында сөйлеген сөзінде ҚР ДСМ басшысы аурулардың таралуынан сақтандыру, профилактика, кадрлық әлеуетті күшейту, халықты сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін инновациялық технологияларды пайдалану бойынша бірлескен нақты шараларды әзірлеу үшін Еуропалық елдер арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына  тоқталды.

ҚР Денсаулық сақтау министрі сессия барысында Өңірлік директор Х.Клюгемен, сондай-ақ ТМД және ШЫҰ аясында денсаулық сақтау мәселелері бойынша екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты дамыту үшін ЕуроДДҰ денсаулық сақтау министрлерімен кездесулер өткізді.

Сонымен қатар Израиль денсаулық сақтау министрі Ницан Горовицпен кездесіп, Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру жөніндегі меморандумға қол қойды.

А. Ғиният израильдік әріптесімен кездесуде Қазақстан халықтың денсаулығын нығайту бағытындағы өзекті мәселелер, атап айтқанда  онкология, телемедицина, дәрілік заттардың жергілікті өндірісі, тәжірибе алмасу және медицина мамандарын оқыту, ғылыми қызметті дамыту, бірлескен ғылыми жобаларға қатысу т.б. бойынша  ортақ іс-қимылдарды дамытуға мүдделі екенін жеткізді.

Меморандумда фармакология, трансплантология, биомедицина, денсаулық сақтауды цифрландыру, дербес адамға бейімделген медицина т.б. бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамыту қарастырылғанын айта кеткен жөн.

Сонымен қатар Ұлттық банктің денсаулық сақтау,  қоректену және халық қоныстануы жөніндегі жобалар жетекшісі Т.Дмитриченкомен, Stop TB Серіктестігінің жетекшісі Л.Дитимумен Қазақстанда туберкулездің алдын алу шаралары, денсаулық сақтау жүйесі мен міндетті медициналық сақтандыру қызметін жаңғырту бойынша сарапшылар деңгейінде техникалық және консультативтік көмекті тарту мәселесіне қатысты кездесулер өтті.  Кездесу нәтижесінде 2023 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы шеңберінде туберкулездің таралуынан сақтандыру бойынша бірлескен секция ұйымдастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сонымен қатар денсаулық сақтау саласындағы заманауи цифрлық технологиялар мен шешімдерді қолдау бойынша халықаралық тәжірибені меңгеріп, сарапшыларды тарту мақсатында израильдік  Bio Pharmax, OMD компанияларының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу соңында тараптар бүгінгі жағдайды ескере отырып, осы бағыттағы ынтымақтастықты  нығайтуға уағдаласты.

Сонымен бірге қазақстандық делегация  тәжірибе алмасу және медициналық кадрлардың біліктілігін арттыру сынды серіктестіктің басым бағыттарын  талқылау мақсатында Тел-Авив қаласындағы бірқатар жетекші клиникаларды (Ихилов, Шаран, Шиба т.б) аралады.