Оның айтуынша, Әлеуметтік кодексте жастарды жұмыспен қамту мемлекет, жұмыс беруші, яғни жұмыспен қамтылатын азаматтың жауапкершілігі қағидатымен жүргізу қарастырылмақ. 

«2000 жылдан кейін туған жастар бүгінде еңбек жасына жетіп жатыр. Сондықтан жалпы жұмыс күшінің 56%-ы 1987 жылдан кейін туған жастар болса, 2030 жылға қарай жалпы жұмыс күшінің дені осы жастардың есебінен болады. Әлеуметтік кодексте біріншіден жастарды жұмысқа тарту бойынша шаралар қарастырылған. Мысалы, жыл сайын 100 мыңнан астам жастар мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындарына тарту. Сондай-ақ, кәсіпкерлікке ынтасы бар жастарға 2,5%-дық жеңілдетілген қайтарылатын несие беру. Бұдан бөлек, мүмкіндігі шектеулі, бірақ кәсіпкерлікке ынтасы бар жастарға берілетін гранттарды одан әрі жалғастыру. Оның сомасы биыл 1,2 млн-нан асты. 
2023-2025 жж. арналған бюджетте осы мәселелер бойынша 300 млрд теңге жуық қаражат көзделген. Құжат Мәжілісте қаралып жатқан бюджет жобасының аясында қаралады», - деді Т. Дүйсенова.