Оның айтуынша, бұған дейін сұранысқа ие, тапшы мамандықтар бойынша жоғары білікті шетелдік мамандарды тарту үшін бір жылдық квота берілетін. Енді бұл мерзім 3-5 жылға дейін ұзартылмақ. Осы уақыт ішінде мамандарды тартып қана қоймай, оларды дайындау да жолға қойылмақ.  

 
Ішкі миграцияға тоқталған министр негізгі мәселе азаматтарды оңтүстіктен солтүстікке көшіріп қана қоймай, сонымен қатар онда жұмыс орнының, баспананың болуы екенін атап өтті. 


«Бүгінде көші-қонды ұйымдастыру бағдарламасына өзгерістер енгізілуде. Біріншіден, онда баратын азамат алдымен жұмыс орнын белгілеуі қажет. Қажетті келісімшартты жасағаннан кейін оған қоныс аударуды ынталандыру үшін қоныс аудару аумағындағы тұрғын үй құнының 50% дейін өтемақы алуға құқық беретін ұтқырлық сертификаты беріледі. Ол бұл қаражатты үй салуға немесе сатып алуға, не болмаса Отбасы банкке алғашқы жарна ретінде салып қоя алады», - деді ведомство басшысы.