Әдетте, полиция ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қатысы бар адамдар - дропперлерді және оны ұйымдастырушыларды анықтайды. Олардың барлығы қылмыстық әрекетке әлеуметтік желілердегі хабарландырулар және мессенджерлер арқылы тартылады.

«Бұл ретте басты ұйымдастырушылар, әдетте, шетелде болады және процесті онлайн режимде «басқарады». Мұндай қылмыстық топтар елордада, Алматыда, Павлодарда, Таразда және басқа аймақтарда анықталды. Мәселен, қыркүйек айының басында Астанада және Солтүстік Қазақстан облысында интернет-алаяқтықпен айналысқан ҰҚТ ұсталды. Олардың әрекеттерінен еліміздің түрлі қалаларында 70-тен астам азамат зардап шекті. Жәбірленушілер өтініш беруді жалғастыруда. Оларға 200 млн теңгеден астам шығын келтірілген. Бүгінде 60 дроппер анықталды. Басқа елдердегі әріптестерімен бірге олардың серіктестерін шетелде ұстау шаралары қабылданып жатыр», - деді министр.  


Мұндай қылмыстық схемаларды анықтау және жолын кесу үшін ІІМ бастамасы бойынша байланыс операторлары бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатады.


Ол алаяқтар белсенді қолданатын нөмірлерді бұғаттайды. Сондай-ақ, есірткі қылмыстарымен күрестегідей интернет-алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту ұсынылып отыр.