Оның атап өтуінше, UNWTO болжамдарына сәйкес, халықаралық туризм 2024 жылға қарай қалпына келеді деп күтілуде. Алайда, бүгінде әлемдік туризм ойыншылары агрессивті саясат жүргізуде, осыған байланысты шетелдік турист үшін бәсекелестік күшейе түсті.

«Ағымдағы лимиттер аясында біз Сауд Арабиясындағы нарықты тексердік. 2022 жылдың наурыз айында үш қалада (Эр-Рияд қ., Даммам қ., Джидда қ.) роуд-шоу өткізілді. Нәтижесінде Сауд Арабиясынан келген туристердің саны 7 есе өскені байқалады. Егер пандемияға дейінгі жартыжылдық қорытындысы бойынша орналастыру орындары 225 туристке ұсынылса, ағымдағы кезеңде Сауд Арабиясынан келген 2 мыңнан астам турист тіркелді. Яғни, алға жылжудағы нүктелік тәсіл оң нәтиже береді. Бұл туристер ағынын қалпына келтіріп қана қоймай, 2025 жылға қарай оларды жоспарлы түрде 3 млн адамға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті спикер.